Павлодар облысында шартты террористік қауіп-қатер жағдайында іс-әрекеттері пысықталды

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша барлық тартылған қызметтердің іс-әрекеттеріне талдау жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
19 тамызда Павлодар облысының аумағында ҚР Терроризмге қарсы орталығының үйлестіруімен терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб «Тамыз - террор-2025» терроризмге қарсы оқу-жаттығуларын өткізді. Оның шеңберінде күш құрылымдары мен шұғыл қызметтердің шартты террористік қауіп-қатер жағдайында іс-әрекеттері пысықталды. Оқу-жаттығу сценарийі бір мезгілде бірнеше дағдарыстық жағдайларды қамтыды: аңыз бойынша, шартты «террористер» «Екібастұз-Павлодар» рейстік автобусын басып алып, Таяу Шығыс елдеріне ұшу үшін Павлодар қаласының әуежайына барды. Өз жоспарларын өзгертіп, Ақсу қаласына барып, террористік тұрғыдан осал нысан «Saryarqa» СҮ ғимаратын басып алғандарға қосылды.
Арнайы және құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару жұмыстарының, жедел медициналық көмектің, «Арлан», «Бүркіт», ЖҚАЖ арнайы бөлімшелерінің күштері жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында басып алынған объектілерге шабуыл жасау, азаматтарды эвакуациялау, алғашқы медициналық көмек көрсету, террористік тұрғыдан осал объектілеріндегі қатерлерді бейтараптандыру элементтері пысықталды. Бірақ оқу-жаттығу қорытындысы бойынша барлық тартылған қызметтердің іс-әрекеттеріне талдау жүргізілді.