Павлодардағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне үш ауданның өнімі ұсынылады
Жәрмеңке 11 қараша күні болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық кәсіпкерлерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, жәрмеңке негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылады.
- Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қаласы сияқты ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады. Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының («Народный») және Ақсу қаласының («Ауыл базары»), сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.
Ауылшаруашылық жәрмеңкесі "Jailau" базарында яғни Торговая көшесі, 2А мекен-жайында (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) болады.