Павлодарда ұстаздар интеллектуалдық жарыста сынға түсті
Олимпиадаға қатысуға 150-ге жуық мұғалім ниет білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі А. Шамкенов атындағы лицей-мектебінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді. Олимпиаданың мақсаты – шығармашылық әлеует пен педагогикалық шеберлікті дамыту және қолдау, кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізу, педагогикалық мәртебені арттыру.
Олимпиадаға 150 мұғалім қатысуға ниет білдірді. Олимпиаданың бірінші бөлімінде қатысушылар төрт жауап нұсқасын қамтитын 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Әр тапсырма үшін 5 балл, барлығы 50 балл берілді. Ал екінші бөлімінде мәтіндегі сөздер немесе сандар үшін бос орындарды толтыра отырып, 10 тапсырмадан тұратын есептерді шешті. Әр жауап үшін 5 балл, барлығы 50 балл берілді.
– «Алтын тұғыр» олимпиадасы өте қызықты. Олимпиаданың тапсырмалары логикалық ойлауға, сыни ойлауды дамытатын жоғары дәрежелі қиын тапсырмалардан тұрды. Мұғалімдер үшін өз білімдерін көрсетуге және одан жоғары деңгейдегі байқауларға, олимпиадаларға қатысуға жақсы мүмкіндік, – дейді Б.Момышұлы атындағы мектептің мұғалімі Айнұр Уалинова.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орынды 62 мұғалім иеленді. Оның ішінде бірінші орын - 15, екінші орын - 12, III орын – 23 мұғалімге берілді. Бірінші орынды № 14, 18, 24, 25, 29, 36, 43, А. Шамкенов атындағы, С.Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы, «Детвора» жеке мектебінің мұғалімдері иеленді.
Айта кету керек, олимпиада жеңімпаздары 5 қаңтарда олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.