Павлодарда аниме сүйер қауым арасында квиз өтеді

Павлодарда аниме сүйер қауым арасында квиз өтеді
Фото: жасанды интеллект

Қатысушыларды қызықты сұрақтар, танымал фандомдар бойынша бағалы сыйлықтар мен жаңа таныстықтар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

13 мамыр күні жастар бастамаларын дамыту орталығында танымал аниме туындылары бойынша зияткерлік сайыс ұйымдастырылады. 

Жарыс ережесі бойынша қатысушылар бес адамнан құралған командаларға бөлінуі тиіс. Егер үміткердің жеке командасы болмаса, топты тікелей іс-шара өтіп жатқан жерде жинауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ келушілерге өзімен бірге жеңіл тағамдар мен тіскебасарлар ала келуге рұқсат берілген.

Ойынға алдын ала жазылу немесе сұрақтар бойынша кураторлар Елнұр мен Ингаға Telegram желісі (@Amonadiel және @miovio22) арқылы хабарласуға болады. Ұйымдастырушылар бұл кеш аниме мәдениетін ұнататын жастар үшін жайлы атмосферада тәжірибе алмасу алаңына айналатынын айтады.

Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан орталықтың бас залында өтетін викторина сағат 16:30-да басталады. Шараға қатысу тегін.