Павлодарда автобус жүргізушісі бейнеқоңырау арқылы сөйлескені үшін жазаланды
Ашулы жолаушы шағыммен полицияға жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қоғамдық көлік жүргізушілеріне ерекше жауапкершілік жүктелген. Алайда, рөлде отырғандардың барлығы бірдей адам өміріне жауапты екенін түсіне бермейді.
Автобус жүргізушілерінің жиі жасайтын ең қауіпті құқықбұзушылықтарының бірі – көлік жүргізу барысында телефон пайдалану. Полицияға осындай заңбұзушылық жасаған кезекті жүргізушіге қатысты павлодарлық тұрғын шағымданды.
– Күн сайын автобустардың және трамвайлардың жүргізушілері телефонға көңіл бөліп, ондаған адамның өмірін қатерге тігетінін көреміз. Жақында маршруткада келе жатып, аң-таң болдым: жүргізуші рөлде отырып бейнеконференция өткізді. Дауыс көтеріп сөйлесіп, қатты күліп отырды, бұл жолдағы қауіптілікті еселей түсті, – деді ашуланған жолаушы.
Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Биылғы кезеңде көлік жүргізу кезінде смартфон пайдаланғаны үшін 2360 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Өңірде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатқанын еске саламыз. Осыған байланысты жүргізушілерді ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырамыз. Гаджеттің кез келген түрін қолдану – соның ішінде сөйлесу, бейнеролик қарау, хабарлама жазысу бұл заңбұзушылық болып табылады.