Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті

Жедел жәрдем дәрігерлері оны құтқара алмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығында трамвай депосына апаратын көпірдің артында қырық жастағы белгісіз ер адамды пойыз қағып кетті.
Қоңырау сағат 20:00-де түсіп, жедел жәрдем оқиға орнына 7 минутта жеткен. Бірақ жәбірленуші өте ауыр дене жарақатын алғандықтан, құтқару мүмкін болмады.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір бұл іске қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
– Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп түсіндірді ведомствода.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқарма егжей-тегжейлі ақпаратты жарияламайды.