Павлодарда көшелердің бірінде бағдаршам өшіріледі

Павлодарда көшелердің бірінде бағдаршам өшіріледі
Фото: pexels.com

Сымдарды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, сағат 14.00-18.00 аралығында Естай – Абай көшелерінің қиылысында сымдарды ауыстыру жұмыстарына байланысты бағдаршам сөндіріледі.

Жүргізушілерден сақ болуды және сапарды алдын ала жоспарлауды сұрайды.