Павлодарда пәтерде қамалып қалған үш жасар бала құтқарылды

Павлодарда пәтерде қамалып қалған үш жасар бала құтқарылды
Фото: Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі

Құтқару операциясы бесінші қабатта жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Қамзин көшесінде болды.

– 2022 жылы туған бала анасын сыртта қалдырып, пәтерге қамалып қалды. Құтқарушылар тез арада көмекке келді. Олар альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконынан төртінші қабатқа түсіп, арнайы жабдықпен балконның есігін ашты. Бала анасына аман-есен берілді, деп хабарлады мамандар.

Құтқару операциясы полиция қызметкерлері мен ен ананың бақылауында болды. Төтеншеліктер кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды еске салады.