Павлодарда тәттіге құмар ұрлықшылар ұсталды

Павлодарда тәттіге құмар ұрлықшылар ұсталды
Фото: Константин Шелков

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, демалыс күндері Павлодар қаласындағы екі дүкенде ерекше ұрылар ұсталды. 

– Сәтбаев көшесіндегі супермаркеттердің бірінде 29 жастағы ер адам «Мерси» маркалы үш қорап шоколадты ұрлап кетті. Ал кешке Назарбаев көшесіндегі супермаркеттен 49 жастағы ер адам төрт қорап ұқсас кәмпит ұрлаған, – дейді департаментте. 

Қазіргі уақытта ұрлық жасады деген күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.