Павлодарда трамвайда тегін заң консультациясы өтеді

Павлодарда трамвайда тегін заң консультациясы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл трамвайда жол жүру тегін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан халқының бірлігі күні мен ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай, 30 сәуірде №5 айналма бағыты бойынша жүретін №157 қалалық трамвайда Павлодар облысының Әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясын өткізеді.

– Акцияға Әділет департаментінің қызметкерлері, сот медициналық сараптамалар институтының өкілі, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы және заң консультанттары қатысады. Трамвайда жүрген жолаушылар өздерін қызықтырған құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады. Бұл күні трамвайда жол жүру де тегін болады, – деді облыстық Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Трамвай Деподан сағат 10:00-де Назарбаев көшесімен шығады.