Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қақты
Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтарда Амангелді-Көкшетау көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды,– деді департаментте.
Полиция тексеріс жүргізуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды.