Павлодарда «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауының жеңімпаздары анықталды

Павлодарда «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: «AMANAT» партиясының облыстық филиалы

Мұндай байқауларды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, өңірдегі қоғамдық қабылдаулардың одан әрі дамуына серпін береді.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында өңірлік «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурс комиссиясының отырысы өтті. Байқау аясында комиссия партияның аумақтық филиалдары ұсынған материалдарды қарап, олардың 2024 жылғы қызметін бағалады.

Қарастыру нәтижесінде бірінші орынды Павлодар қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы иеленді, екінші орын Екібастұз қалалық филиалына берілді, ал үшінші орын Ақтоғай аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына бұйырды.

Байқау халыққа қолдау көрсететін, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысатын және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігін нығайтатын ең белсенді әрі тиімді қоғамдық қабылдауларды анықтауға және марапаттауға бағытталған. Комиссия өкілдері қабылдаулардың жоғары деңгейдегі ұйымдастырылуын және партия мен халық арасындағы кері байланысты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.