Павлодардағы субұрқақтарды қосуға дайындық жұмыстары басталды
Онға жуық субұрқақ жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.
– Облыс әкімінің қолдауымен қаладағы субұрқақтар жөндеуден өткізілуде. Бүгінде шаһарда орналасқан 23 субұрқақтың 8-інде жөндеу жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, жиектеріндегі тас тақтайшалар, тостағандары мен техникалық жабдықтары ішінара зақымданған нысандар толық қалпына келтірілуде. Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары аяқталып, қабырғалары тегістеліп, негізі нығайтылды, - деді ол.
Қала әкімі алдағы күндері сыртын қаптайтын тас тақтайшалар төсеу кезеңі басталатынын атап өтті.
Жауапты мекемелерге барлық жұмыстарды мамыр айының соңына дейін толық аяқтау міндеті жүктелді. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған 14 субұрқақты сәуір айының ортасына дейін қосу жоспарланып отыр. 9 сәуірден бастап коммуналдық қызметтер оларды кезең-кезеңімен іске қосады.