Павлодарлық автобустарда бұрынғыдай бақылаушылар жүреді

Павлодарлық автобустарда бұрынғыдай бақылаушылар жүреді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл қоғамдық көлікте жол ақысын төлемей жүргендер екі АЕК көлемінде, яғни 7863 теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық №1 автобус паркі бақылаушылар 2025 жылдан автобустарға кіруді тоқтатады деген ақпаратты жоққа шығарды. Кәсіпорын қала тұрғындары мен қонақтары алдында жауапты екенін еске салды. 

– Біздің компанияда 2025 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша бақылау-тексеру басқармасының өз штаты болмағандықтан, осы уақытқа дейін біз үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдаландық, – деді автопаркте. – 1 наурыздан бастап бұл жұмысты өз күшімізбен жүзеге асыратын боламыз. Автобустарда қала тұрғындарының жол ақысын тексеру бұрынғы режимде жалғасады. 

Автопарк 20 автобус бағытына қызмет көрсетеді, оның екі бағыты жаз мезгілінде шығады.