Павлодарлық таэквондошы Түркия төрінде алтыннан алқа тақты
Түркияның Анталья қаласында таэквондодан (WT) халықаралық турнир жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дүбірлі додаға әлемнің 30 елінен 585 спортшы жиналған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсететін павлодарлық спортшылар да бар. Олар – Камила Баймұқашева мен Павел Эм.
Жарыстың алғашқы күнінде-ақ спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, қарсыластарын ойсырата жеңуде.

Мәселен, 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Павел Эм ерекше нәтижеге қол жеткізді. Ол төрт бірдей жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалда түркиялық спортшыдан өз айласын асыра алды. Осылайша жерлесіміз алтын медальға қол жеткізіп, жеңіс тұғырына көтеріліп, ел мерейін асқақтатты.
Халықаралық дода әлі де жалғасуда. Сайыс 30-31 наурыз аралығында ұйымдастырылады.
Фото: Спорт басқармасынан.