Павлодарлық трамвайда заң консультациялары өткізілмек

Павлодарлық трамвайда заң консультациялары өткізілмек
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

29 қыркүйекте №5 айналма бағыты бойынша жүретін қалалық трамвайда облыстық әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясын өткізеді.

Шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, сот медициналық сараптамалар институты өкілі, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы және заң консультанттары қатысады.

Азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша құқықтық сипаттағы тегін, білікті заң көмегін ала алады. Осы іс-шара уақытында трамвайда жол жүру тегін болады.

Трамвайдың деподан шығуы сағат 10:00-де Назарбаев даңғылы бойынша жоспарланған.