Павлодарлық жастар 25 сотық жерде зиянкес арамшөпті жұлды

Бірнеше сағат ішінде циклахенамен күресу жұмысы өз нәтижесін берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар География үйіне берілген шағын грантқа «Жасыл ел» студенттік және құрылыс штабының қолдауымен белсенділер Ефременко ауылына экспедиция жасады.
«Таза Ертіс өңірі» акциясының қатысушыларының бір тобы сенбілікке шығып, бірнеше сағат ішінде 14 дорба қоқыс жинап үлгерген. Айта кету керек, сенбілік «Таза Қазақстан» жобасының аясында өткізілді.
Өзге топ мүшелері 25 сотық жерде ауылдағы циклахена арамшбін жою жұмыстарын қолға алды. Аймақ тұрғындарының сөзінше, соңғы уақытта бұл өсімдіктер көп кездесетін болды. «Берегиня‑Био» қоғамдық қорының белгілі биолог маманы Татьяна Пономарёва циклахена өсімдіктерімен күресу жолдары туралы кеңес өткізді.
Іс-шараның соңына қарай науқан қатысушылары Ефременко ауылының пейзаждарын, өсімдіктері мен жануарларын фотосуретке түсіріп алды. «Таза Ертіс өңірі» атты акция әлі де жалғасуда.