Павлодарлықтар республикалық интеллектуалдық ойында үздік атанды
Олар жартылай финалға дейін жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістанда «Al Farabi» республикалық интеллектуалдық ойыны өтіп, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 72 команда қатысты.
– Павлодарлық жерлестеріміз «Ertis» командасы тамаша нәтиже көрсетіп, 1/2 финалға жолдама алып, үздік команда деп танылды, – дейді баспасөз орталығында.
Команда құрамында Жастар бастамаларын дамыту орталығы директорының орынбасары Нариман Ускенбаев, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілі Қарлығаш Каллемова, №14 жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Айсұлу Шүкірбаева, биология пәнінің оқытушысы Айсана Жүніспаева және команда капитаны тарих пәнінің мұғалімі Анвар Адилов өнер көрсетті.
Өңір намысын қорғаған топ 100 мың теңгенің сертификатына ие болды.