Павлодарлықтарды қазақтың ұлттық бас киімдер байқауына қатысуға шақырады

Павлодарлықтарды қазақтың ұлттық бас киімдер байқауына қатысуға шақырады
Фото: Константин Шелков

Жұмыстар 2024 жылғы 10-22 қазан аралығында қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Кенжекөл жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған «Кимешегім – киелім, тақиялым – үкілім» атты қазақтың ұлттық бас киімдеріне арналған конкурс жарияланды. 

Байқау шарттары бойынша, тілек білдірушілер жеке қатыса алады. Әр қатысушы тек бір жұмысты ұсына алады. Қатысу үшін өтінімді толтырып жеке куәліктің көшірмесін жіберу керек.

– Бас киім этникалық қазақ стилінде жасалуы тиіс. Бұл ретте дәстүрлі дизайнның заманауи түсіндірмелеріне жол беріледі. Шынайы немесе стильдендірілген бас киімдер. Заманауи интерпретациялар құпталады. Өз шығармашылығыңды және қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігіңді көрсетуге шақырамыз, дейді конкурс ұйымдастырушылары.

1, 2 және 3-орын иегерлеріне – дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталады. Сондай-ақ, жүлделі орындарға ие болмаған барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттар алады.

Айта кетейік, өтінімдерді kenzhekol_zhastary@mail.ru поштаға немесе Telegram-да көрсетілген +7 705 768 18 50 нөмірі бойынша жіберуге болады.