Павлодарлық балғындар Жеңіс күніне спорттық марафон арнады

Павлодарлық балғындар Жеңіс күніне спорттық марафон арнады

№ 24 балабақшада дәстүрлі спорттық марафон өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығына арналған кезекті жүгіру  биыл 14 жыл бойы өткізіліп келеді.

Жүгіруді балабақша аумағында ортаңғы топтың балалары велосипедпен бастап, эстафетаны ересек топтың балаларына табыстады. 

- Жүгіру аяқталған соң Даңқ ескертіші жанында балалардың тақырыптық өнер көрсетуі болды. Олар «Детство» биін, сөзі мен әні М. Басовтың «Мы спасибо скажем дедам» әнін, сөзі В. Харитонованың, әні Д. Тухманованың «День Победы» әнін орындады. Жарысқа қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды, - дейді балабақша басшысы Қарлыға Хамзина.

Қайырбаев көшесі, 84 үй мекенжайы бойынша орналасқан балабақшадан Даңқ ескерткішіне дейін жүгіру марафонына 110 аса тәрбиеленуші, ата-аналар, балабақшаның педагогтары, сондай-ақ «FREEDOM TEAM» жүгіру клубы ҚБ жетекшісі Болат Ордабаев, қалалық мәслихаттың депутаты, жеңіл атлетика федерациясының президенті Серік Құсайынов қатысты.