Павлодарлық сот жалдау шарты бойынша материалдық залал мен пайданы өндіруді қолдады

Павлодарлық сот жалдау шарты бойынша материалдық залал мен пайданы өндіруді қолдады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаулы заңды күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «R» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ш.-ға қатысты талап қоюды толық қанағаттандырған бірінші сатыдағы сот шешіміне жауапкердің апелляциялық шағымы бойынша материалдық залалды және айырылып қалған пайданы өндіру туралы талап қою бойынша істі қарады. 

Тараптар арасында «CHEVROLET COBALT» автокөлігін жалға алу шарты жасалғаны анықталды. Жалдау мерзімінде жауапкердің кінәсінен жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде көлік құралына материалдық залал келтірілді. Жауапкердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысымен расталды.

Шарт талаптарына сәйкес, жалға алушы көлік құралына келтірілген залалды, сондай-ақ оның тоқтап тұрған уақытында айырылып қалған пайданы өтеуге міндетті. Қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының құны 2 171 300 теңгені, айырыл қалған пайда 630 000 теңгені құрады.

Сот талап қоюшының талаптарын негізді деп қорытындылады, өйткені шарт күшіне енген, оның талаптары жауапкермен орындалмаған, апелляциялық шағымның уәждері дәлелдемелермен расталмаған.

Мұндай жағдайларда соттың талап қоюды қанағаттандыру туралы тұжырымдары заңды және негізді болып табылады.

Алқаның қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.