Павлодарлықтар WorldSkills чемпионатында 50 шақты құзыреттілікте бақ сынайды

Павлодарлықтар WorldSkills чемпионатында 50 шақты құзыреттілікте бақ сынайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Студенттер командасы жинақталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының командасы бірнеше жыл бойы шеберлікке деген ұмтылыс пен жүйелі жұмыстың жоғары нәтиже беретінінің жарқын үлгісі болып отыр.

2018 жылдаң 13-орыннан бастау алған команда бүгінде бірнеше жыл қатарынан еліміздегі үздік бестіктің құрамына нық еніп келеді, – деп жазды жеке парақшасында облыстық білім басқармасының басшысы Айгерім Әбенова.

2–9 желтоқсан күндері Астанада WorldSkills республикалық чемпионаты өтеді. Басқарма басшысы жарыс қарсаңында осы маңызды додада өңір намысын қорғайтын жастармен – өз ісіне шын мәнінде берілген, жігерлі әрі талапшыл командамен кездесті.

– Биыл Павлодар облысы 45 құзыреттіліктің 43 қатысуға өтінім берді — бұл дайындықтың кең ауқымын және жұмыс тәсілінің салмақтылығын көрсететін маңызды көрсеткіш. Қатысушылар жаттығу барысы, алдарына қойған мақсаттары, әлемдік стандарттарға сай болу үшін қажетті қолдау және чемпионатқа қатысудың олардың кәсіби өсуіне қалай ықпал ететіні туралы айтты, – деді ол.

Студенттердің жетістіктер географиясы – ерекше мақтаныш: БАӘ, Татарстан, Беларусь, Үндістан, Германия, Жапония, Аустрия, Корея, Польша, Франция, Дания. Бұл Павлодар облысы үшін жай ғана қатысу емес, өңірдің кадрларды даярлау жүйесінің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенінің айқын дәлелі.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында біздің жетістіктердің мәні одан әрі арта түседі. Себебі дәл осы кезеңде қолданбалы дағдылардың беделі мен маңыздылығы бірінші орынға шығады. Бұл бағыттағы негізгі рөл өндірістік оқыту шеберлеріне тиесілі — олар тәжірибе беріп қана қоймай, кәсіби мәдениетті қалыптастырады, жас мамандардың қабілетін ашуға жол көрсетеді. Дәл осы ұстаздардың еңбегі осындай жоғары нәтижелерге жол ашады, – деп атап өтті Айгерім Әбенова.

Ол командаға табандылық, сенімділік және жарқын жеңістер тілейді.