Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль бекітті

Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медаль бекітті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Медаль соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне деген құрмет белгісі ретінде тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты біртұтас мерейтойлық медаль туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл марапат соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығына және жанқиярлығына құрмет ретінде бекітілді. Жарлыққа сәйкес, мерейтойлық медальмен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ жарақат, контузия, мертігу немесе майданда алған ауру салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілер мен азаматтар марапатталады.