«Таза Ертіс өңірі»: Павлодарлықтар эко-жүзу арқылы жағалауды қоқыстан тазартады

«Таза Ертіс өңірі»: Павлодарлықтар эко-жүзу арқылы жағалауды қоқыстан тазартады
Фото: pexels.com/Ramon Karolan

Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар география үйі «Жасыл Ел» жастар жасағымен бірлесіп, Павлодар қаласы әкімдігінің және ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Таза Ертіс өңірі» экологиялық жобасын ұйымдастырады. 

6 қыркүйекте Ертіс өзенімен Усолкадан Кәсіпкерлер үйіне дейін қатысушылар суға 4 үрлемелі қайықпен шығады.

Олар екі маңызды тапсырманы орындайды: жағалауды қоқыстардан тазалайды және Ертіс бойындағы табиғат пен қоршаған ортаның жай күйін фотоға түсіреді.

– Жаңадан бастаушылар үшін оқыту қарастырылған: ескек есу және команда негіздері, қайықтағы тәртіп ережелері, қауіпсіздік техникасын сақтау, – дейді ұйымдастырушылар.

Экологиялық жүзу өзен бойындағы қызықты жорық қана емес, сонымен қатар жастардың туған Ертіс өңірінің тазалығы мен сұлулығын сақтауға қосқан үлесі болады.