Жас каратэшілер Павлодардың намысын абыроймен қорғады

Қарағандыда өткен төрт күндік ауқымды республикалық турнирге Қазақстанның 12 өңірінен 500-ден астам каратэші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қатысушылар арасында 10, 12-14, 16 жастағы 20 жас спортшыдан тұратын Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының командасы ерекшеленді.
– Балалар мінез, төзімділік пен жауынгерлік рухын көрсетті. Мен олардың әрқайсысын мақтан тұтамын. Тәрбиеленушілеріміз Павлодардың намысын қорғай алатынын көрсетті, – деді жаттықтырушы Владислав Никитин.
Турнирдің нәтижесі жігерліктерге лайықты болды – жетістіктер қоржынын 15 медальмен толықтырды: кумитэ бөлімінде бір алтын, екі күміс медаль, сонымен қатар кумитэ, ката бөлімдерінде12 қола медаль.
–Бұл медальдар тек марапаттар емес. Бұл күнделікті жұмыстың, күш пен өсудің символы. Біз жауынгерлерді, болашақ спортшыларды тәрбиелеудеміз, – деді жаттықтырушы Фархат Оспанов.
Қарағандыдағы турнир жігерліктер үшін нағыз жеңіс болды. Ең бастысы – медальдар саны емес, тәрбиеленушілер арасындағы достық пенөздеріне деген сенімдерінің өскені.