Железиннің екі ауылында әкім сайлауы өтті
Сайлауға 350 сайлаушыдан 227-сі қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Железиндіктер Ақтау және Майлы ауылдық округтерінің әкімдерін таңдады.
Сайлау нәтижесінде Ақтау ауылының халқы бұрынғы әкімді таңдаған. Бұған дейін ауылды басқарған 44 жастағы Жанар Орынтаева көпшіліктің таңдауымен өз орнында қалды. Ал Майлы ауылдық әкімдігіне 62 жастағы Железин ауданының жер қатынастары бөлімінің статистика маманы Асқан Орынтаев сайланды.
Келесі ауыл әкімін сайлау 17 мамырда өтеді. Онда Тереңкөл ауданының Байқоныс және Октябрь ауылдық округтерінде, сондай-ақ Екібастұз қаласының Солнечный және Железнодорожный ауылдық округтерінде болады.