1 ақпанда Павлодар облысында боран соғады
Күндіз қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында оран болады.
Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Күндіз облыстың батысында ауа температурасы түнде -20...-25 °C, шығыста -28 °C аяз, күндіз -10...-15 °C, оңтүстікте аймақтарда -5 °C аяз болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз қар жауады. Түнде -23...-25, күндіз -10...-12 °C аяз күтіледі.