10 сәуірде Павлодар облысында жел күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 13-15 градус жылы болады.
11 сәуірге қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.