19 ақпанда Павлодар облысында күн ашық болады

19 ақпанда Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -16...-21, күндіз -8...-13, облыстың оңтүстігінде -5 градус көрсетеді.

Павлодар қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Сынап бағанасы түнде -17...-19, күндіз -8...-10 градус көрсетеді.