23 тамызда Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша, таңертең және түстен кейін екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Облыста температура түнде +13...+ 18°C, күндіз +20...+ 25°C, оңтүстік-шығыста 29°C болады.
Аймақтың солтүстігінде, батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде +15...+17°C, күндіз +23...+ 25°C көрсетеді. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.