3 қазанда Павлодар облысында күн жылы болады

3 қазанда Павлодар облысында күн жылы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде +2..+7, күндіз +8..+13 градус жылы болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сынап бағанасы түнде +3...+5, күндіз +11...+13 градус көрсетеді.