«Ақсуға» жаңа шетелдік футболшы қосылды

«Ақсуға» жаңа шетелдік футболшы қосылды

Бұған дейін ол екі қазақстандық футбол командасы үшін ойнаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

 «Ақсу» футбол клубы Гаити қорғаушысы Алекс Джуниормен келісімшартқа отырды.

Алекс өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы «Виолетт» футбол клубында бастады. Ол американдық «Нью-Джерси Экспресс», португалдық «Вила-Реале», «Боависте», «Камаче», армяндық «Гандзасаре» және «Арарат» клубтарында өнер көрсетті. Соңғы команда құрамында екі рет Армения чемпионы және ел Суперкубогының иегері атанды.

Қазақстанда Алекс «Атырау» және «Тараз» командалары үшін ойындарымен танымал.

29 жастағы қорғаушының соңғы клубы грузиндік «Телави» болды. Грузия чемпионатында ол жарты маусымда 12 матч өткізді.

Сондай-ақ, Алекстің Гаити құрамасы үшін 48 матчы бар, онда ол бір гол соғып, 7 ассист жасаған.

Қорғаушы Алекс Джуниор «Ақсу» үшін 6-шы нөмірде өнер көрсетеді.

Фото: @christian_alex_junior