Асайын Байханов павлодарлықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады

Асайын Байханов павлодарлықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол ізгі тілегін Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

– Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршамызды әртүрлі этностардың, діндер мен мәдениеттердің үйлесімді бірлігін қалыптастырған ортақ тарих біріктіреді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Сондықтан, бұл құндылықтарды нығайту - біздің келесі ұрпақ алдындағы ортақ борышымыз, – деп атап өтті облыс әкімі.

Оның сөзінше, Павлодар облысы әрқашан көпұлтты келісім мен бірліктің жарқын үлгісі болып қала береді.  

– Өңірімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде аймағымыз өркендеп, ілгері басып келеді, – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі мерейлі мерекеде павлодарлықтарға зор денсаулық, бақыт, амандық және бейбітшілік тілейді.