Павлодарда жаяу жүргіншілер үшін ең қауіпті учаскелер аталды

Павлодарда жаяу жүргіншілер үшін ең қауіпті учаскелер аталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл ЖКО-дан алты жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілі Арман Қаптаев бүгінгі таңда облыс аумағында 501 ЖКО тіркелгенін, онда 26 адам қаза тауып, 693 адам зардап шеккеннін мәлім етті. 

– Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 169 жол көлік оқиғасы тіркелді, онда 188 жаяу жүргінші зардап шекті және алты жаяу жүргінші қаза тапты. Апаттың жоғары себептерінің ішінде адами фактор, яғни көшелер мен жолдардағы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің мінез-құлқының төмен мәдениеті, жол ережелерін саналы түрде бұзуы басым орын алады, – деді Арман Қаптаев. 

Ол жылдамдық режимін сақтамау, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтамау, қозғалыстың басқа қатысушыларына құрметсіздік және көлік құралдарының санының артуы да ЖКО себеп екенін атап өтті. 

– Жол қозғалысы реттелген, яғни бағдаршамдар болса да, жаяу жүргіншілер үшін ең қауіпті учаскелер бар. Павлодар қаласын алатын болсақ, мұндай учаскілердің біріне Назарбаев-Естай көшелерінің қиылысы жатады. Себебі мұнда қозғалыс қарқынды және жаяу жүргіншілердің үлкен ағыны бар. Сондай-ақ, сапаржай аумағында бағдаршам жоқ. Сондай-ақ, Сұрағанов көшесінің бөлігінде жиі жол-көлік оқиғалары орын алады, – дейді спикер. 

Көлік тәртібін арттыру мақсатында жыл басынан бері облыс жолдарында 107 мыңға жуық ЖЖЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде жылдамдықты асырғаны үшін 59 мыңнан астам жүргізуші, қауіпсіздік белдіктерін тақпай жүргізгені үшін 5562, жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 1698, ұялы байланысты пайдаланғаны үшін 1508 және бағдаршамның тыйым салу сигналына өткені үшін 1280 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 340 жүргізуші апаттық жағдай туғызғаны және қарсы жолаққа шыққаны үшін 211 жүргізуші жауапқа тартылды.

Жылдамдықтың артуы себебінен ЖКО алдын алу үшін күн сайын өңірдің автожолдарына 10 «Кибер-Шериф» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені және 10 «Ekin Patrol» аппараттық-бағдарламалық кешеніне түседі.