Баянауылда ұстаздар үш жүзге бөлінді

Баянауылда ұстаздар үш жүзге бөлінді
Фото: қалалық білім бөлімінен

Қала мектептерінің жас мұғалімдерінің кезекті «Көшбасшылық мектебі» басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл «Педагог мәртебесі туралы» заңды жүзеге асыру және білім беру саласының басшыларының кадрлық резервін дайындау аясында кәсіподақтардың, білім беру бөлімінің бірлескен іс-шараларының тиімді бірлестігі болып табылады.

Дәстүр бойынша «Көшбасшылық мектебі», қазақ жерінің біртуар ұлдары, атақты жерлестеріміз Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан, Ш. Айманов шыққан киелі Баянауыл жерінде өтті. Қатысушыларға Қ. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

– Шараның алғашқы күнінде Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына орай Баянауыл ауылындағы академиктің мемориалдық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. «Көшбасшы мектебінің» негізгі тақырыбы «Бабалар мұрасы - жас ұстазға аманат» болып табылады, – деді қалалық білім беру бөлімінде. 

Бірінші күннің бағдарламасына сәйкес жас ұстаздар үш жүз болып топтарға бөлінді. «Мұғалімнен көшбасшыға: мектепте жеке бренд құру» атты практикалық сабақ пен «Мұғалімнің жеке брендінен көшбасшыға» тренингі ұйымдастырылды. Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз топтары өзінің тұсаукесерлерін өткізді. Бірінші күннің соңы ұлттық ойындар мен «Этно викторина» кешіне ұласты.

Павлодар қаласы жас ұстаздарының «Көшбасшы мектебі» атты пленэрінің екінші күні де тиімді және тәжірибеге бағытталған. 

Заманауи мұғалімнің іс-әрекетінде «Soft skills» дағдыларын қалыптастыру басты назарда болды. Тренерлер өзін-өзі қалыптастыруға арналған жеке дағдылары және топтық жұмыс дағдылары тақырыбындағы өткізген тренинг кезінде жас мұғалімдер команда құру, ауыспалы командада жұмыс істеу, шығармашылық және стратегиялық жоспарлау дағдыларын жетілдірді. 

Этно-пленэрдің негізгі тақырыптық желісі аясында асық атудан, арқан тартудан, садақ атудан, ләңгіден үш жүз командалары арасында жарыстар өтті. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін командалар шығармашылықпен көрсетті.

Түстен кейін Баянауыл ұлттық паркінің көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Екінші күннің кешінде этно-пленердің қорытындысы шығарылды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен және кеңес мүшелері мен жаттықтырушылар Құрмет грамотасымен  марапатталды.