Екібастұзда оннан астам шағын ауданда жылу параметрлері төмендейді
15 қараша ЖМ-7 жылу магистралінде монтаждау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС мәлімдеуінше, ертең сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін ЖМ-7/1 жаңа жылу магистралінің құрылысына байланысты ЖМ-7 жылу магистралінде бекіту арматурасын монтаждау жұмыстары жүргізілетін болады.
- Жұмыс жүргізу уақытында № 10, 11, 12, 13, 15, 19, 21, 21а, 23, 25, 26 шағын аудандарда жылумен жабдықтау төмендетілген параметрлерде жүзеге асырылатын болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау параметрлері қалпына келтіріледі, - делінген хабарламада.
Серіктестік жаңа магистралды іске қосу №7 жылу магистралінен жүктемені ішінара алып тастауға мүмкіндік беретінін және қаланың жоғарыда аталған шағын аудандарының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасы едәуір жақсаратынын айтты.