Екібастұзға баратын жолда кроссовер аударылды

Екібастұзға баратын жолда кроссовер аударылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 қыркүйекте «Nissan Terrano» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Сұлужон – Екібастұз автожолында аударылып кеткен.

– Полиция екі жолаушы қаза тауып, жүргізуші зардап шеккен жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деді облыстық полиция департаемнті баспасөз қызметінде.

Ведомство осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға қозғалыс жылдамдығын қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде және көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау маңызды екенін еске салады.