«Ертістің» жаңа бапкері Тамерлан Ағымановты қорғап шықты

«Ертістің» жаңа бапкері Тамерлан Ағымановты қорғап шықты
Фото: «Ертіс» ФК

Ринат Әлеуетов оны Томас Мюллермен салыстырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» футбол клубының бас бапкері Тамерлан Ағымановтың болашағы мен оның айналасындағы әңгімеге қатысты пікірімен бөлісті.

– Бұл туралы көп шу болды - бәрі жас жігітті жамандады. Бірақ жігіттің бойында талант бар, оны тек дұрыс бағытқа бағыттау керек. Мәселен, соңғы ойында («Түркістан» – «Ертіс», – автордың ескертпесі) онымен сөйлестік, не істеу керектігін айттық – ол төрт пас беріп, гол соқты, – дейді Ринат Әлеуетов.

Команда бапкері «SD Family» қарсы матчта «ондықтың» неліктен шықпағанын былайша түсіндірді:

- Оның жеңіл жарақаты бар еді, егер біз оны жоғалтқымыз келмесе, 90 минут ойната алмаймыз. Жоспарымыз бар, оны жүзеге асырып жатырмыз, оны жергілікті жұлдыз ретінде көреміз. Жігіттің әлеуеті зор. Мысалы Мюллер 16-17 жаста «Баварияда» ойнауға дайын еді, бірақ бапкерлер оны бірте-бірте құрамға қосып отырды. Жас жігіттерді еркектердің арпалысына бірден тастай салған қателік. Ағымановты болашағы зор талант деп санаймын.

«Ертістің» бас бапкері де Вячеслав Раскатовтың талантын да ақылды, ұтымды пайдалану қажет екендігін ерекше атап өтті.

Еске салайық, команданың бұрынғы жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов кеткеннен кейін түрлі БАҚ пен әлеуметтік желілерде оның қызметінен кетуіне жаттықтырушының павлодарлық танымал футбол функционерінің ұлы Тамерлан Ағымановты алаңға шығарғысы келмеуі себеп болған деген алып-қашпа әңгімелер тараған болатын.