Еrtis Promenade-де Бірыңғай қабылдау күні өтеді
Онда тұрғындар онға жуық сала бойынша өздерін қызықтырған сауалға жауап таба алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 26 маусымда сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін Павлодар қаласындағы «Ertis Promenade» орталық жағалауында «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» өтеді.
— Азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т. б. салалар бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады, - делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық саласының мәлімдеуінше, денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарға
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анар Омарова мен
Павлодар қаласының № 5 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Айгүл Абылхасан жауап береді.