Май ауданында жолда сынған автобустан 40-қа жуық шетелдік құтқарылды
Олар Шымкентке жол тартқан болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратерек ауылынан 20 шақырым жерде құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, істен шығып, жолда тоқтап қалған автобустан 36 адамды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады.
Жолаушылардың барлығы Семей қаласынан Шымкентке транзитпен бара жатқан Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Жаңбырлы және төмен температура жағдайында барлық жолаушылар жедел түрде жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.