Павлодар ауданында экотур ұйымдастырылады

Павлодар ауданында экотур ұйымдастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Табиғатты аялайтын тұрғындар тәлімбақты көре алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

7 тамызда Павлодар ауданының Даниловка ауылында «Экотур» - «Жерге бақ сыйла» экологиялық акциясы өтеді.

Іс-шараға қатысамын деушілер Павлодар теміржол сапаржайындағы сағаттың жанында сағат 11:00-де жиналу керек. Акцияның өзі сағат 12:30-да басталады. Бұл шараны облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Білім» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қоры өткізеді.

–  Сіздерді шырша мен қарағай өсірілетін тәлімбаққа экскурсия, «Қалдықтарды бөлек жинаудың қоршаған ортаға пайдасы» тақырыбындағы дәріс, бейресми әңгіме, жаңа танысулар, кофе-брейк қызықты бағдарлама күтуде, – дейді ұйымдастырушылар.

Экотурға бару үшін алдын ала 8(771) 341-56-72 Whatsapp нөміріне өтініш қалдыру қажет.