Павлодар ауылында жеке тұрған үй түнде өртенді
 
                                Өрт бір жарым сағат ішінде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 22:24-те Павлодар ауылы Қонаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.
– Қабылданған шаралармен жалпы ауданы 120 шаршы метрді құраған өрт сағат 00:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер оттан бір газ баллонды алып шықты.
Өртке ТЖД 6 техникасы мен жеке құрамның 15 адамы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
         
         
    
             
    
             
    
             
         
    
 
    
 
    
 
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
