Павлодар облысында екі көлік соқтығысты
Жүргізушілердің бірі көктайғақ салдарынан көлік тізгінін басқара алмай қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Атамекен - Русская поляна» автожолында 21 жастағы ВАЗ-2114 маркалы көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлік тізгінін ұстай алмай Lexus ES300 автокөлігімен соқтығысқан.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факт тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс бойынша материалдар шешім шығару үшін сотқа жіберілді,– деді департаментте.
Еске сала кетейік, Аққулы ауылының маңында ВАЗ 2107 маркалы көлігінің жүргізушісі қарсы келе жатқан көлікке соқтығысып, аударылған болатын. Апат салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды.