Павлодар облысында күндіз 20 градусқа дейін жылы болады
6 сәуірде жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.
Оңтүстіктен жел соғады, күші 9-14 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 1 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.