Павлодар облысының энергетиктері қысқы балық аулаудан бақ сынады

Павлодар облысының энергетиктері қысқы балық аулаудан бақ сынады
Фото: pexels.com / Tima Miroshnichenko

Турнир үш сағатқа созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мичурин ауылындағы «Энергетик» демалыс үйінің аумағында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобына қарасты энергетиктер арасында жеке және командалық қысқы балық аулау турнирі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергия жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы.

– Турнир үш сағат бойы өтті. Әр 45 минут сайын балықшылар балық аулауға белгіленген аймақтың секторларында орын ауыстырып отырды. Қатаң қазылар алқасы жарыстың өту барысын мұқият қадағалады. Ең қызықты сәт – «Алғашқы ұсталған балық» аталымының жеңімпазын анықтау болды. Бұл атаққа «ПЭТК» АҚ-ның Лебяжье аудандық электр желілерінде жұмыс істейтін Алтынбек Әділханов ие болды, – деді компанияның баспасөз қызметі.

Жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және жылы жамылғылармен марапатталды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға өткізілген турнир мен достық атмосферасы үшін алғыстарын білдіріп, келесі жолы жазғы балық аулау турнирін өткізуді ұсынды.