Павлодарда апатқа ұшыраған көлік жол қоршауына соғылды
Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 17 ақпан күні сағат 15:30 шамасында Ломов көшесі бойында «Лада» және «Мазда» маркалы көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған.
- Соқтығысқаннан кейін 35 жастағы жүргізуші басқарған «Лада» көлігі қозғалысын жалғастырып, қоршауға соғылған. Зардап шеккендер жоқ. Полиция тексеру жүргізуде, - деді департаментте.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оларға оқиға орнынан шақыру түспеген.