Павлодарда Ауған ардагерлері бес күндік автошеруге қатысты
Интернационалист-жауынгерлер саябағында автошеру өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бес күнге созылған автошеру Ақтоғай ауданынан басталып, Ертіс, Железин, Успен, Шарбақты, Павлодар, Май, Аққулы, Баянауыл аудандарына, Екібастұз, Ақсу қалаларына дейін жетті. Соңғы аялдамасы Павлодарда болды. AMANAT партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова қатысушыларға денсаулық тілеп, облыс өміріне белсене атсалысқандары үшін алғысын білдірді.
– Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Бұл жалғыз акция емес, Ауған соғысының ардагерлері мектептер мен колледждердің жиі қонағы болып, студенттермен әңгімелерін айтып береді, – деді Айгүл Маликова.
«Жастар қоғамында патриоттық тәрбиені қалыптастыру» жобасы аясында «Батыл жүрек» ән фестивалі өтті. Ол жерде 22 қыркүйекте Әбусейітов атындағы МТО-да өтетін гала-концертке болашақ қатысушыларды таңдады.
Интернационалист-жауынгерлер мектеп пен колледждерде патриоттық тәрбие беру бойынша кемінде 40 сабақ өткізді. Олар соғыс ардагерлерінің, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің аналары мен Чернобыль апатының зардабын жоюшы ардагерлер тұрақты қонақтары болады.
Облыстық «Ауған соғысы және жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының төрағасы Байғабыл Майкотовтың айтуынша, дәрістерден кейін көптеген жастардың елге қызмет етуге, ел қорғауға деген құлшынысы пайда болды.
- Егер осы шарадан кейін 50-60 адам әскери борышын өтеуге немесе әскери жоғары оқу орнына түсуге аттанса, онда біз өз мақсатымызға жеттік деп есептей аламыз, - деді Байғабыл Майкөтов.
Жоба аясында еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетіліп, «Қазақ даласы» командалық ойындары өткізілді.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған автошеру облыстық ақпараттық және әлеуметтік даму басқармасы мен «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының қолдауымен өтті.
Фото: «Звезда Прииртышья» облыстық газеті
Әсия Серікова