Павлодарда бұғанасын сындырған баланың жағдайы белгілі болды

Павлодарда бұғанасын сындырған баланың жағдайы белгілі болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол үш апта оңалтудан өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық балалар ауруханасы травматология бөлімшесінің травматолог дәрігері Сергей Самец ұрып-соғудан жарақат алған екі жасар қыздың жағдайымен бөлісті. 

– Анасы жарақат пунктіне келгенде баланы тексеріп, рентгенге жібердім. Рентгенде орнынан жылжымаған бұғананың екі жақ сүйегінің сынғаны анықталды. Сондай-ақ, баланың маңдайында гематоманы байқадым. Анасы бала ойнап жүргенде соғып алғанын айтқан. Бұл жиі кездеседі, өйткені көптеген балаларды бізге әкеледі. Балалар жүре бастайды, сәйкесінше олар бір жерге құлап, бір жерге соғылып, гематомалар пайда болады, – деді дәрігер. 

Дәрігердің қаралуында анасы қызы бір-екі күн бұрын төсектен құлағанын хабарлады. Содан кейін баланың бұғанасы ауыра бастаған. Баланың қолдарына сегіздік түріндегі таңғыш салынып, амбулаторлық емделуге жіберілді. Ал келесі күні анасы қыздың денесіндегі соққы іздерін дәлелдеу мақсатында ауруханаға қайта келген. 

– Алғашқы тексеру кезінде басқа шағымдар болмаған. Екінші рет басқа дәрігер тексеру өткізді. Бүгінде өз аяғымен жүреді. Алайда иық буындарының қозғалысында шектеу мен ауырсыну бар. Бірақ қолын қозғай алады, – деді травматолог.

Оның сөзінше, қыздың сынықтарын емдеу және оңалту үш аптаға дейін созылуы мүмкін. 

Еске сала кетейік, ер адам екі жасар қыздың бұғанасын сындырды. Полиция қылмыстық іс қозғады.