Павлодарда электр құралдыраның даму барысы көрсетілді

Павлодарда электр құралдыраның даму барысы көрсетілді
Фото: Константин Шелков

Атом және өнеркәсіптік энергетика қызметкерлері күніне арналған энергетика апталығы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта адамдар қолданатын электр құрылғыларының эволюциясын көрсетету мақсатында ToU алаңында көрме ұйымдастырылды. 

Онда 19 ғасырдың аяғында қолданылған көмір салатын үтіктер, самауырлар, баспа машиналары, телефондар, принтерлер, компьютерлер, магнитофондар қойылып, қазіргі кезде аталмыш құрылғылардың қандай екенін, қалай жұмыс істейтіні көрсетілді.

– Мысалы, бұрын парафинді шам бізге жарық беретін. Содан кейін керосин шамы, люминесцентті шамдар пайда болды. Соңғысы – жарықдиодты, энергияны үнемдейтін шамдар.  Бәрі заман ағымына сай өзгеріп келеді. Электр құрылғылар дамуда, – дейді ToU энергетика факультетінің деканы Олжас Талипов.

Сонымен қатар, экспонат түрінде бұрындары адамдар алыс жолға атқа мініп жеткенді көрсету үшін ертоқым қойылса, қазіргі таңда электр көліктер бар екенін көрсету мақсатында мотоцикл көрмеге қойылған.

– Дегенмен, энергиямен қамтамасыз ету қажеттілігі бар. Себебі, қазіргі уақытта электр қуаты жеткіліксіз. Бұл бізде жаңа өндірістер, жаңа зауыттар ашылып, адамдар саны артып, көптеген жаңа үйлер салынып жатқандығына байланысты. Бұл ретте, атом электр станциясын салу идеясын қолдағым келеді, – дейді Олжас Талипов. 

Айта кетейік, экспонаттар  инженерия факультетінде орналасқан техника мұражайы мен университеттің ескі электр құрылғыларының экспозициясы бар кабинетінен алынған.