Павлодарда күн сәулесін көре алмаған тұрғын сотта жеңіске жетті
Пәтер иесінің үйіне жарнамалық маңдайшаның кесірінен күн сәулесі түспеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Көпқабатты үйлердің бірінде екінші қабатта тұратын пәтер иесі бірінші қабатта орнатылған жарнамалық тақтайшаның көріністі жауып, қолайсыздық тудырып жатқаны үшін шаштараз бен тігін шеберханасын сотқа берген. Жалға беруші бірінші қабаттағы кіре берісінің шатырында, яғни талапкердің қылқимасы үстінде жарнамалық тақтайша орнатқан. Пәтер иесі бірінші сатыдағы сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартқаннан кейін апелляцияға берген.
Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талапкердің шағымы бойынша маңдайшаны демонтаждау туралы талабы бойынша істі қарады.
Сотта бірінші қабаттың үстінде орнатылған маңдайша шын мәнінде екінші қабатта орналасқан талапкердің терезесінің көп бөлігіне табиғи күн сәулесінің түсуіне кедергі болады. Әрине, бұл пәтер терезесінен эстетикалық көріністі бұзады және пәтерді пайдалану кезінде қолайсыздық тудыратыны анықталды. Яғни жарнамалық тақтайшаның аумақтан тыс орнатылғаны дәлелденді.
Алқа жауапкерлердің тақтайшаны орнату кезіндегі әрекеттері құқықты теріс пайдаланған деген қорытындыға келді.
– Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, жауапкерге тақтайшаны демонтаждау міндетін жүктеп, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды, – деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінде.
Қаулы заңды күшіне енді.